Бәріміз тойлайтын мейрамда құтқарушылар елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар мереке күндері қалай жұмыс істейді екен? Тілшіміз біліп қайтты.

Құтқарушылар үшін барша халық отбасымен бас қосатын мерекелерде жұмыста болу қалыпты жағдай. Өйткені оларға аптаның жеті күні бірдей. Бұл мамандық иелері кез келген төтенше жағдайға дайын отырады. Тілсіз жаумен, табиғи апаттармен күресетін Азиз Тілен өз таңдауына еш өкінбейді. Ол үшін ең маңыздысы – адам игілігіне қызмет ету.

Мәселен, мереке күндері моншаның жануы, электр сымдарының тұйықталуынан алатын өрт жиі кездеседі екен. Өткен жылы 31 желтоқсанында өрт сөндіру және авраиялық-құтқару бөлімшелеріне жеті шақырту түскен. Оның ішінде бір өрт оқиғасы тіркелді. Сондықтан тұрғындар сақтық шараларын назардан шығармағаны абзал.

Осылайша құтқарушылар бәріміз тойлайтын мейрамда елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін ойлап, тынымсыз еңбек етеді.

Қымбат Садық