Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында су құбыры қолданысқа берілді. Бұл қуанышты жаңалықты тұрғындар көптен күтті. Толығырақ ауданға барып келген тілшіміз айтсын.

Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің Жоламан ауылында су құбыры қолданысқа берілді. Ауылда 100-ден астам тұрғын бар. Су құбырын олар көптен күткен.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданымыздың Жоламан ауылында ауыл тұрғындарын таза сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Осы ретте тұрғындардың денсаулығын үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Үйлеріңізге енген ауыз судың игілігін көруге тілектестік білдіремін. Барлық жағдай жасалуда.

Аудан әкімінің сөзінше, бүгінгі таңда ауданның 14 елдімекенінде сумен жабдықтау нысаны толық көлемде жұмыс жасайды. Олардың қатарына енді мына Жоламандағы су құбыры да енді. Жобаға 180 млн теңге жұмсалды. Ұзындығы 1,4 шақырым.

ҚУАНЫШ ПСТЕБАЕВ, АҚТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Мәселесі қиын болған. Жалғыз құдық жұмыс істеген. Бертін КБМ орнатылды. Содан кейін су құбыры ашылды. 48-іне құбыры қосылды. Мал шаруашылығымен айналысады.

Бұл-ауыл тұрғындары үшін ерекше күн. Жылдар бойы күткен ауыз су енді үйдің ішінде ағып тұр. Елдімекен көркейіп келеді, қаладан кем түспейміз дейді, жоламандықтар.

ТӨЛЕГЕН БЕГАЛИНОВ, ЖОЛАМАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұрын суымыз болмаған. Су ашты болды. Бәріне рахмет. Бәрі бар. Деніміз сау болсын.

Келер жылы Басқамыс және Балтасап ауылдарында су құбыры құрылысын жоспарға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп жақсы хабарымен бөлісті аудан әкімі.

Сабина Жолдаспаева