Өңіріміздің бірқатар дарынды жастары «Тәуелсіздік ұрпақтары» премиясына ие болды. Облыс әкімі Асайын Байханов жастарды арнайы құттықтады. Толығырақ әріптесім Қымбат Садық айтады.

Ертіс Баян елі талантты, білімді жастарға толы. Олар түрлі деңгейдегі жоғары жетістіктерге ие болып, өңір намысын асқақтатып жүр. Жастарға қолдау ретінде табысталатын бұл премияның маңызы жоғары.

 «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының мақсаты – жастардың жаңа және бұрыннан бар бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету. 20 жеңімпаз тек диплом ғана емес, ақшалай сертификатқа ие болды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» премиясының ең жас жеңімпазы баянауылдық Нұралы Исабек атанды. Ауыл баласы роботехника, айти бағытында үздік нәтиже көрсеткен.

Мәдениет саласындағы жетістіктерімен ерекшеленген Назерке Семей. Ол өлең шығарып, 10 жыл бойы әндерге сөз жазады. Премия иегері атануын үлкен жетістік дейді жас ақын.

Бұл марапат заманның жаңаша талаптарына сай жастардың ғылымға деген ықыласы мен ықпалын арттыра түседі.

Қымбат Садық