Жаңажыл - таңғажайып мереке. Оны әсіресе кішкентай балалар ерекше күтіп, дайындалады. 1 сынып оқушылары үшін де биыл ерекше жыл. Себебі, алғаш рет мектептегі жаңажылдық шыршаға қатысып отыр.

Кезекті жаңажылдық шырша мерекесі қаламыздағы №43 мектепте өтті. Оқушылар бұл ертеңгілікке ерекше дайындалып, әртүрлі кейіпкерлердің костюмдерін киді. Қызықты сәт ортаға Аяз ата мен Ақшақар шыққанда басталды.

Осылайша кішкентай балайлар түрлі ойындар ойнап, шыршаны айналып, би биледі.

Биыл 1-сынып оқушылары үшін ерекше жыл. Олар алғаш рет мектептегі жаңажылдық ертеңгілікке қатысып отыр.

АННА КОПТЕЛОВА, №43 ЖОББ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Сіздер білесіздер ме, біз бірінші сынып оқушыларымен бұл мерекені ерекше күттік. Оған дайындалдық, өлең жаттадық, жұмбақ шештік. Билерімізді әзірледік. Біз үшін бұл ерекше мереке, себебі бұл 1-сынып оқушыларының алғашқы жаңажылдық шыршасы.

Жаңажылдық ертеңгілік балалардың есінде мәңгілік қалады. Сондықтан оны есте қаларлықтай ерекше атап өту жылдағы дәстүр.

Самал Қалиқызы