Өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун келіп қайтты. Елордалық мейман облыс тұрғындарымен кездесті. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Кездесу барысында қолжетімді интернет, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, ғарыштық мониторинг және инновацияларды енгізу жайы сөз болды. Мемлекеттік қызметтердің көпшілігін онлайн режимінде алу мүмкіндігіне қарамастан, кезек азаймай тұр.
ДМИТРИЙ МУН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Халыққа қызмет көрсету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұқараға жылдам, сапалы қызмет көрсету үшін министрлік барынша бірнеше жобаларды жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ ғаламтор жұмысын ілгерлету қолға алып отырмыз.
Министрлік жүзеге асырып жатқан жобалар адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Кездесу соңында вице-министр халықтың сауалдарына жауап беріп, барлық ұсыныстарды қабылдап, мәселелерді шешуге ат салысатынын айтты.
Әйгерім Тоқпанқызы