Алдағы жаңажылдық мереке күндері балаңыз ауырып қалса, бірден жедел жәрдем шақыруға асықпаңыз. Егер балаңыздың жағдайы қалыпты, ауруханаға жатқызуды қажет етпесе тұрғылықты мекенжай бойынша емханадан дәрігер шақырта аласыз. Жалпы, демалыс күндері облыстық балалар ауруханасы қалай жұмыс жасайтынын Самал Қалиқызы біліп қайтты.

 2024 жылдың аяқталуына санаулы уақыт қалды. Алда ұзақ демалыс күндері. Дәл осы мерекелік демалыс күндері сіз бен біз үйде демалып жатсақ, полицейлер, төтеншеліктер мен дәрігерлер жұмыс жасайды. Павлодар облыстық балалар ауруханасы да мереке күндері штаттық тәртіпте пациенттерді қабылдайды.

ФИРУЗА МИЛУШЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Детская областная больница...Облыстық балалар ауруханасы жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Мереке күндері біз тек шұғыл жағдаймен түскен науқастарды ғана қабылдаймыз. Көбінесе кенеттен пайда болған ауыр потологиялармен, олар жарақат, күйік шалу, улану немесе созылмалы аурулардың асқынуымен балалар дәрігерге жүгінеді. Қабылдау бөлімшесінде мереке күндері травматолог, оториналоринголог, хирург және педиатр кезекшілікте болады. Барлық бөлімшелерде кезекші дәрігерлер жұмыс істейді.

Осы ретте, жедел жәрдемнен бөлек демалыс күндері емханалардың кезекші бригадалары да жұмыс істейді.

ФИРУЗА МИЛУШЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Иә, балаңыз ауырып қалса жедел жәрдем шақырып немесе өзіңіз оны ауруханаға әкеле аласыздар. Айта кету керек, емханаларда фильтр кабинеттер мен кезекші дәрігерлер де жұмыс істейді. Егер балада жіті респираторлық вирустық инфекция, тұмау, басы ауырып тұрса, яғни шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін жағдай болса емханадан кезекші дәрігерді үйге шақыртуға болады.

Осы ретте, қалалық емханалар сенбі күндері жұмыс жасайтынын еске саламыз. Жексенбі күні кешкі сағат 20.00-ге дейін кезекші дәрігерді тұрғылықты мекенжай бойынша үйге шақыруға болады. Дәл осылай, 1-4 қаңтар аралығында емханалардың кезекші бригадалары штаттық тәртіпте медициналық қызмет көрсетуге дайын.

Самал Қалиқызы