Негізгі Жаңалықтар Сайлауға санаулы күндер қалды

Сайлауға санаулы күндер қалды

Осы жексенбіде ел тұрғындары алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлайды. Ежелгі тарихи атауды қайтадан жаңғыртқан заң шығарушы орган 1-қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Жаңа Конституция қабылданған соң елімізде заң шығу органының құрылымы да өзгергені белгілі. 




Қазір Құрылтай төрінен үмітті партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бағдарламаларын таныстырып, халықпен жүздесуде. Үгіт жұмыстары 23 шілдедегі сағат 18:01-ден басталған. 22 тамыздағы сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 22-тамыз тыныштық күні. 7 партия өз кандидаттарын үкіліп отыр. Ал, бір палаталы құрылтайға 145 депутат сайланады. Ал, 23-тамыз күні таңғы 7 ден бастап, кешкі сегізге дейін сайлау өтеді. Павлодар облысында саяси науқан 522 учаскеде ұйымдастырылады. Онда 536 комиссия мүшелерімен бірге 3446 адам жұмыс істейтін болады. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар