Сайлаушылар нені білу керек?
Құрылтай сайлауы жақындап келеді. Бұл орайда сайлаушылар нені білу тиіс? 23 тамызда бір палаталы парламент депутаттарының сайлауы өтеді.
Сайлау учаскеңіздің мекенжайын және өз деректеріңіздің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беру тәртібімен танысыңыз.
Жалпы ереже бойынша сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру жеке жүргізіледі. Дауыс беру құқығын туысқа, өкілге немесе басқа адамға беруге жол берілмейді.
Бюллетень алу үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын көрсету қажет.