Павлодар қаласындағы номері екінші және үшінші жылуэлектр орталығында жөндеу жұмыстары басталуда. Оның барысы қалай жүруде? Қандай қазандықтар күрделі жөндеуден өтеді? Алдағы материалымызда.

Биыл Павлодар қаласындағы үшінші жылу электр орталығында 6 негізгі бірлікті жөндеу жоспарланған. Оның үшеуі қазандық. Бірінші қазандық бойынша жұмыс аяқталып та қалған. Қазір үшінші қазандықта жөндеу жұмыстары басталған. Бесінші қазандықтағы жұмыс жаз уақытына жоспарланған.

ОЛЕГ ЩЕМЕЛЬ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

Сондай-ақ, номері үшінші турбоагрегатқа кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Ал, номері алтыншы турбоагегат күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, номері екінші жылуэлектр ортағыныда да қазандықтар мен турбоагрегаттар жөнделеді.

Екінші жылуэлектр орталығында екі негізгі бірлікке күрделі жөндеу жасалады. Олар номері бесінші қазандық пен номері үшінші турбоагрегат. Қазандықтағы күрделі жөндеу жиырмасыншы наурыз күні басталған. Сонымен қатар, номері екінші және төртінші қазандықтар да кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өтеді.

ОЛЕГ ЩЕМЕЛЬ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

2023-жылы үшінші жылуэлектр орталығындағы номері екінші түтін мұржасын пайдалануға бердік. Сондықтан, жөндеу жұмыстары кезінде ешқандай мәселе туындамайды деген ойдамыз. Станция жұмысы кідірмейді.

Екі жылуэлектр орталығындағы жөндеу жұмыстарына 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жанасыл Серікбол