Еліміз бойынша Мемлекет басшысының "Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілеріне талқылау жалғасуда. Аға буын өкілдері де шетте қалмады.
Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалының белсенділері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын өңір ардагерлерімен талқылады. Қазақстан Халықтық партиясының белсендісі Сергей Олейник Денсаулық сақтау саласын жаңғырту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру қажеттігіне назар аударды.
СЕРГЕЙ ОЛЕЙНИК, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Павлодар өндірісті өлке. Энергетиктер мен металлургтерді даярлайтын колледждер бар. Кәсіпорындар оларды практикаға қабылдайды, кадрлармен бізде сұрақтар жоқ, бірақ ауылдық жерлерде механизаторлар, ветеринарлар жетіспейді. Бұл мамандықтар басқа деңгейге көтерілуі керек, жастар осы мамандықтарды таңдау керек.
Атом электр станциясын салу мәселесі белсенді талқыланды. Мәселен, Павлодар қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаев бұл бағытта, ең алдымен, сарапшылардың пікірін тыңдауға шақырды.
Ардагерлер ауыл шаруашылығын дамыту, бұқаралық спорт және білім беру мәселелерін де қарастырды. Салық заңнамасындағы өзгерістер және мектеп директорларының мәртебесін көтеру қажеттілігі туралы белсенді әңгіме болды.
Қымбат Садық, Сағындық Оразалинов