Негізгі Жаңалықтар Ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті

Ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті

Жаңа оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Осыған орай өңірдегі білім ошақтарында дайындық қызу жүріп жатыр. Мәселен, Баянауыл ауданындағы Үшқұлын негізгі мектебі күрделі жөндеуден кейін шәкірттерін қабылдауға сақадай сай тұр.


Аталған білім ордасы қолданысқа берілгеннен бері күрделі жөндеу көрмеген. Бірқабатты мектепте мамыр айында жөндеу жұмыстары басталып, шілденің 25-і күні аяқталды. Осы уақыт ішінде ескі ғимарат жаңартылып, заманауи кейіпке енді. Нәтижесінде мектеп жарық әрі жайлы ортаға айналды.

Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы

 «1968 жылы құрылған мектеп, содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Биыл, 2026 жылы, ол жерге 171 млн қаражатқа толықтай күрделі жөндеу өтті. Жылу жүйесі бар, ток жүйесі бар оның ішіндегі, едендері, қабырғалары, есік-терезелері — барлығы толықтай ауыстырылып, жаңартылды. Мерзімінен бұрын аяқталды. Ол жерде ұтып алған фирма — «ЭлектроСервис-Кереку» фирмасы болатын. Сол фирмаға да алғысымыз шексіз.» 

Бұған қоса мектеп жаңа жиһаздар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Мұнда балалардың сапалы білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған. Қазір 70 оқушыға шақталған бұл шағын мектеп алдағы оқу жылына толықтай дайын.

Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу

Аймақтық телеарналар