«Кімнен кембіз?» кітабы оқырманға жол тартты
Павлодарда белгілі журналист, қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан журналистер Одағы Павлодар филиалының басшысы Болат Аманбаевтың «Кімнен кембіз?» кітабы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесер шарасына облыс әкімі Асайын Байханов, өзге де қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Халыққа сөз айтудың жолы көп. Алайда, кітаптың жөні бөлек. Талай жыл журналист ретінде қоғамдық дамудың алдыңғы шебінде жүрген Болат Аманбаев алғаш рет көлемді еңбек жазып, көпшілікке ұсынды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Біздің өңірімізде 380 кітапхана бар. Көпшілігі әрине мектептерде. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдарда. Солардың бәрінде біздің жергілікті жазушылардың кітаптары бірінші қатарда тұрады. Талай кітапты қолыма алып көрдім. Парақтары ашылған ба, оқылған ба деп қарап көрдім. Бұл кітап та солардың қатарына қосылады деп ойлаймын. Болат Советұлы, сіз талай жыл ораталық ақпарат құралында қызмет етіп келесіз. Өзіңіздің абыройыңыз бар. Сол қатарға мына жазушылық бастамаңыз кіріп отыр.
Шара аясында аға буын өкілдері автордың еңбегіне тоқталды. Журналисттік қызметті арқалап, ел алдына сөз айтып жүрген автордың кітабы да толғамды ойларға толы екендігіне сенім білдірді.
Социал Әйтенов, журналистика ардагері
Журналист дегеніміз қоғамдық пікірді қалыптастырушы ғана емес, соны орнықтыру, елді, халықты жұмылдырып алға жектелеу. Бұл кітап қолыма жаңа түсті. Оқымасам да не туралы екенін біліп тұрмын. Өйткені, Болатты жақсы білемін. Хабарларын, репортаждарын үзбей тыңдап отырамын.
Кітапты оқып келген қонақтар да болды. Жазушы Сайлау Байбосын кітап қоғамдағы барлық түйткілді қамтығандығына тоқталды.
Сайлау Байбосын, жазушы, өлкетанушы
Кітаптың негізгі бағыты эконмикалық тұрғыдан. Қараңыз, қазір еліміз үлкен өзгерістердің табылдырығында тұр ғой: жаңа Конституция қабылданды, жаңа технология кіріп жатыр, инвестиция кіріп жатыр, жасанды интеллект кіріп жатыр. Осының бәрін саралайды. Болат жай ғана атвор емес, өзі күнде көріп жүрген нәрсенің барлығын саралап, азаматтық толғанысын білдіреді.
Баршасы жаңа кітаптың оқырманға жол тартуымен жұртшылықты құттықтап, автордан жаңа кітаптарды күтетіндігін жеткізді.