«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезең жеңімпаздары
Қымбат Садық, тілші
Ақтоғай ауданындағы жұртшылық та ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасауда. Түсірілім тобымен біз Әуелбек ауылындағы №157 сайлау учаскесіндеміз. Бүгін мұнда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық жеңімпазы атанған үлкен әулет те түгелге жуық жиналып, дауыс беруде.
Бектемір Кенжебаев, “Мерейлі отбасы” байқауының Павлодар облысы бойынша жеңімпазы
Павлодар облысының жеңімпазы болғанымызға қуаныштымыз, біз үшін үлкен мәртебе.Жалғыз біздің отбасының емес, ауыл үшін, Ақтоғай ауданының мәртебесі деп білеміз. Отбасы қоғамның негізі. Елдің болашағы үшін Қазақстанның әр азаматы өз үлесін қосу керек деп ойлаймыз. Бей-жай қарамай, жауапкершілкпен сезіне білу керек. Сондықтан отбасымызбен бәріміз келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бергелі отырмыз.
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары Кенжебаевтар әулеті үшін отбасы құндылығы тек шаңырақтың ішкі берекесімен шектелмейді. Олар үшін елдің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы мен туған елдің болашағы да маңызды.
әлима Қамариден, Б.Кенжебаевтың қызы
Отбасы қоғамның негізі, сондықтан балаларымызға деген жауапкершілікті, азаматтық ұстанымын білдіруді әрдайым айтып отырамыз. Бүгін барлығымыздың бірге келуіміз, отбасымыздың бірлігі ғана емес, ел болашағына деген ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі.
Иә, берекелі шаңырақ – берік мемлекеттің тірегі екені анық. Ел өміріндегі маңызды мәселелерге үн қосып, азаматтық белсенділік танытқан әр шаңырақ қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосады.
Қараоба тұрғындары құрылтай сайлауында белсенді
Ал мұнан кейін Қараоба ауылында орналасқан 141 сайлау учаскесінің жұмысымен таныс болдық.Мұнда тізім бойынша 400-ден астам сайлаушы бар.
Мұрат Әубәкіров, №141 сайлау учаскесінің төрағасы
Бәрі белсенді қатсып жатыр, көрініп тұр.Мүгедектігі бар барлығы 8 адам бар, учаскеге 3 адам келіп, өз дауыстарын беріп кетті. Ол кісілерге барлық жағдай жасалған. Жаңа 18 жасқа толған 3 сайлаушы ар, біреуі учаскеге келіп кетті. Үй-жайда дауыс беруге өтініш білдірген 3 адам бар, Сағат 12- ден кейін үй-жайға барып, өз дауыстарын береді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Елдің ертеңіне бейжай қарамаған Қараоба ауылының тұрғындары да сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауда.
Амангелді Әленов, Қараоба ауылының тұрғыны
Осы ауылда туып,өскенмін. Енді,мына Құрылтаймыыз құтты болсын, біздің ата-бабамыздан келе жатқан ескі н ғой, құтты болсын тек. Елімізде тек тыныштық болсын, халқымыз аман болсын, Қазақстанымыз жарқырай берсін.
Сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіппен жалғасып жатыр. Сайлауға жеті саяси партиядан 545 кандидат ұсынылды. Бұған дейін 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді.
Айта кетейік, азаматтар өз деректерін онлайн сервистер арқылы тексеріп, сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін анықтай алады. Бұл бағытта колл-орталықтар да жұмыс істеп тұр.
Қымбат Садық