Негізгі Жаңалықтар IT әлеміндегі мүмкіндіктер

IT әлеміндегі мүмкіндіктер

IT деген бір әлем. Оол әлемде идеяларыңды іске асырып қана қоймай, көлемді қаржы табуға, арманыңа қол созуға да мүмкіндік бар. Салаға енді қадам басқан жастарға қандай мүмкіндік ба? Қандай бағыттар сұранысқа ие? Бұл туралы Павлодарда өткен Tomorrow.Fest 2026 форумында кеңінен айтылды. 


IT саласында мансап бастағысы келетіндерге Astana Hub жанындағы Павлодардағы бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі Tomorrow School көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Жақын арада мектеп екінші лекті қабылдай бастайды. Онда болашақ мамандар қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгере алады. 

Ильдар Асанов, Павлодар қаласындағы Tomorrow school кампусының жетекшісі

Екі жыл бойы оқытамыз. Осы уақыт ішінде мамандар IT-жобаны өз бетінше іске қосуға, ірі компанияда жұмыс істеуге жарайтын маман болып шыға алады. Барлығы код жазудан бастайды. Біз осы кезеңде берік білім базасын қалыптастырамыз. Одан кейін оқушылар мамандана бастайды. Қазіргі уақытта машиналық оқыту пен жасанды интеллект ең сұранысқа ие бағыттар. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, веб-қосымшалар әзірлеу, ойын жасау, блокчейн және желілік технологиялар бағыттары да маңызды. Егер ол орта деңгейдегі әзірлеуші болса, Павлодар облысында оның жалақысы 500 мың теңгеден басталады. 

Форум аясында IT саласындағы мүмкіндіктер туралы өңірдегі басқа да білім беру жобаларының өкілдері, сарапшылар мен салада жұмыс істеп жүрген мамандар кеңірек баяндады. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық технологиялар саласында мансапты қалай бастауға болатынын өз мысалдары арқылы көрсетті. Алғашқылардың бірі болып Makerspace Pavlodar жобасының өкілдері сөз сөйледі. Мұнда soft skills-пен қатар hard skills дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар. Әсіресе соңғысына ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта жоба аясында заманауи материалдық-техникалық база жасақталған.

Ольга Грюкач, Makerspace Pavlodar жобасының үйлестірушісі

Мысалы, жақында біз америкалық мәдениетке арналған 3D-модельдеу курсын өткіздік. Түрлі жобаларды әзірлеп, оларды 3D-принтер арқылы басып шығардық. Бізде бағдарламалау, электроника, бағыттарында өз дағдыларыңды дамытуға болады. Биыл Павлодарда NASA Space Apps хакатонын өткізуді жоспарлап отырмыз. Барлық ниет білдірушілерді күтеміз. Жүлделері де жақсы. 

Форум қатысушылары заманауи IT бағыттары туралы ақпарат алып қана қоймай, бірден Tomorrow School мектебіне оқуға да сол жерде тізімделуге мүмкіндік алды. Осы мүмкіндікті пайдалануға шешім қабылдағандардың бірі — павлодарлық Аслан Ахтанов.

Аслан Ахтанов, Павлодар қаласының тұрғыны

Бүгін Tomorrow.Fest-ке келдім, маған барлығы ұнады. Менің ойымша, Қазақстанда IT саласын дамыту керек. Оның болашағы зор.

Tomorrow School-дың алғашқы легіне 80 студент қабылданған. Биыл да сол шамада студент қабылдамақ. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар