Негізгі Жаңалықтар Трамвай паркі жаңарып келеді

Трамвай паркі жаңарып келеді

Павлодарда жылдан жылға қоғамдық көліктер жаңарып келеді. Осыған дейін автобустар жаңаға ауыстырылса, енді трамвайларға кезек келді. Келер жылы лизинг арқылы 49 миллиард теңгеге 65 жаңа вагон сатып алу жоспарланып отыр.  


Павлодар көшелерін трамвайсыз елестету мүмкін емес. Қысы-жазы шаһар тұрғындарын керек жеріне жеткізіп тұрған қоғамдық көлік. Павлодар - трамвайын сақтап қалған еліміздегі бірде бір қала. Бұның өзі біраз ақпарат беріп тұрғандай. Жақсы жаңалық, жаңа трамвайлар саны көбеймек.  

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы

Трамвай паркін кезең кезеңімен жаңарту мақсатында, 2026 жылдың маусым-шілде отандық 10 жаңа тармвай пайдалануға берілді. Трамвай паркін одан әрі жаңарту аясында 2027 жылдың соңына дейін тағы 65 вагонын сатып алу жоспарлануда. Қаржылық лизинг арқылы жоспарланып отыр. Трамвай вагондарын сатып алу жүзеге асырылатын болады. 

Сонымен, 2027 жылы келетін трамвайлар Қарағандыда құрастырылатын болады. Бәрі жоспардағыдай болса, басқармадағы 100-ден астам вагонның жартысына жуығы жаңарады. Бұл өз кезегінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді. 

Муслим Махмудов, «М.Махмудов атындағы трамвай басқармасы» АҚ төрағасы

Бізде Беларус өндірісінің 10 жаңа вагоны бар. Олар 20 шақырым және одан да ұзақ қашықтықты еркін жүріп өте алады. Біз оларды толық сынақтан өткіздік. Егер байланыс желісінде немесе қосалқы станцияларда апат болып, электр қуаты өшіп қалса, трамвай тоқтап тұрмайды. Ол бірден автономды режимге ауысып, сол параметрлермен қозғалысын жалғастыра береді.

Қазір паркта 120 трамвай бар, олардың кейбірі 40 жылдан астам уақыт бойы желіде қызмет етіп келеді. Жаңа заманауи вагондар кеңестік трамвайларды толық алмастырады.

Самал Қалиқызы



Бөлісу

Аймақтық телеарналар