Өткен демалыс күні Павлодар қаласының бірнеше ауданында ауада жағымсыз иіс байқалып, бұл жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Экология департаментіне түскен шағымдардан кейін мамандар жедел түрде тексеріс жұмыстарын бастады.
Экология департаментінің мамандары иіс сезілген аумақтарға шұғыл түрде барды. Ауа құрамына қатысты бірнеше бағыт бойынша сынама алынды. Мониторинг жұмыстары қаланың бес аумағын қамтыды.
Алина Каиргелді, Павлодар облысы экология департаментінің бас маманы
Осы өткен демалыс күні, 3 тамызда Павлодар облысы бойынша экология департаменті атмосфералық ауаның жағдайына өлшеулер жүргізді. Өлшеу жұмыстары арнайы жабдықталған жылжымалы зертхана көмегімен, соның ішінде ГАНГ газ талдағыш арқылы жүзеге асырылды. ААуа сапасы келесі нүктелерде тексерілді. Кутузов және Толстой көшелерінің қиылысы, Сәтпаев көшесі, Усолка және Химгородки шағын аудандары, сондай-ақ ПНХЗ жшс санитарлық қорғау аймағы. Өлшеу барысында келесі көрсеткіштер бойынша ауа үлгілері алынды. Азот тотығы мен диоксиді, фторлы сутек, аммиаок, шаң бөлшектері, күкірт диоксиді, хлор, көміртек, күкіртсутек және фенол. Қазіргі уақытта өлшеу жұмыстары жалғасуда.
Өлшеу нәтижелері толық талданып болған соң, ресми қорытынды жарияланады. Онда шекті мөлшерден асқан заттардың бар-жоғы туралы нақты мәлімет беріледі.
Әйгерім Тоқпанқызы