Махаббат пен сенімге, сыйластық пен сабырға негізделген өмір — кез келген отбасы үшін үлкен бақыт. Осындай асыл құндылықтарды бойына сіңіріп, үлгі болып отырған жандар – Сағындық ата мен Айтжамал апа. Елу емес, алпыс жыл бойы бір шаңырақ астында татулықпен өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеп, елге сыйлы, көпке өнеге болып келеді. Осыншама бірге тұрудың құпиясы неде? Тілшіміз біліп қайтты.

Сағындық ата мен Айтжамал апаның отбасын құрып, шаңырақ көтергеніне 60 жыл. 60 жыл біреуге көзді ашып-жұмғанша өтіп кеткен бір мезет қана, біреуге махаббат мен сыйластыққа толы жылдар. Атамыз Сағындық Сейітұлы Аққулы ауданы Тақыр ауылынан. Еңбек жолын осында бастап, осы жерде отбасын құрып, ата-ана бақытына бөленген. .

Сағындық Абдуллин, Павлодар қаласының тұрғыны

Мен енді мына Павлодар пединститутында менің бөлем жұмыс істейтін. Кватира бере қоймайды. Сол жердегі жатақханада бардым. Кіреберісте танысқыз кездесті, комнатасына алып барды. Қарасам төрт қыз құрады. Сонда таныстық апаңмен. Ұнатып қалдым Айтжамалды.

Міне жарты ғасырдан астам уақытқа жалғасқан бақытты отбасының тарихы осылай басталды. Жалындап тұрған жастар біраз жылдар хат алмасып, кейін шаңырақ көтеруге бел буған. Ал, апамыз Айтжамал Жанатқызы Ресей Федерациясы Алтай аймағының қызы.

Айтжамал Ерғазинова, Павлодар қаласының тұрғыны

Мен Павлодарда педагогикалық институт бар екенін білемін. Бала күнімнен мұғалім болғым келетін. Енді орыс тілін қазақ тіліне қарағанда жақсы білетіндіктен, осы орыс тілінің мұғаліміне түстім. Жатақханада тұрдым. 1964 жылдың қазан айында Сағындықпен таныстым. Оның маған жазған хаттары әлі сақтаулы. Кейін үйленіміз деп шештік, бірақ оған бірден талап қойдым. Оқуымды сырттайға ауыспай аяқтаймын дедім.

Алғашқы жылдары жастар 3 жылдай екі бөлек тұрды. Бірақ бұл арадағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, махабатты сөндірмеді. Оқуын аяқтай сала Айтжамал Жанатқызы ауылдық мектепке жұмысқа орналасты. Ал, атамыз комсомол үйінің хатшысы, селолық кеңес бастығы, бөлімше меңгерушісі, әкім партия ұйымының хатшысы болды.

Сағындық Абдуллин, Павлодар қаласының тұрғыны

60 жыл бірге тұрып жатырмыз. Тақыр ауылында 5 жыл әке шешемізбен тұрдық. Сосын орталықтан квартира беріп, сонда көшіп бардық. Онда бір ақ бала бар, 62 жылғы қазір пенсияда. Екінші ұл 1972, 75 жылы қызымыз туды. Барлығы сол жерде мектеп бітірді.

Айтжамал Ерғазинова, Павлодар қаласының тұрғыны

Жаңа айтқандай мен 3 жыл инстиутта оқыдым. Ең бастысы әйел мен ердің арасында махаббат бұл алдымен, екіншіден сенім болу керек. Біз бір бірімізге сендік. Ол маған сенді мен де жас болдым, студенттерарасында оқыдым. Мен оған сендім, ауылда жастардың арасында жұмыс істеді. Ең бастысы сендік, бұл тақырыпта сөз де қозғамайтынбыз.

Осылайша сенім мен махабаттың ішінде үш бала тәрбиеленді. Үйдің үлкені Нұрлан 17 жыл зауытта істеп соннан зейнеткерлікке шықты, екінші ұл Жасұлан заңгер болып істейді. Үйдің кенжесі Жұлдыз төтенше жағдайлар департаментінде кадр саласында істейді. Үш баладан қазір олар 6 немере, 4 шөбере сүйіп отыр.

Нұрлан Абдуллин, Павлодар қаласының тұрғыны

Ата анамыз кішкентай кезімізден бізді сыйластық пен еңбекқорлық арасында өсірді. Осының арқасында жақсы адам болған сияқтымыз. Бала өсірдік , немере сүйіп отырмыз. Ата-анама денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Жанымызда аман есен болсын, біз соған да қуанамыз.

Қазір Сағындық ата мен Айтжамал апай зейнеткерлікте уақыттарын бос өткізбейді. Ел аралайды, жер көреді. Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен шараларға атсалысады. Атамыз 80-нен асса да көлік жүргізеді. Осыдан әдемі қарттықтың көрінісін көріп отырғандаймыз.

Самал Қалиқызы