Жұмысшы мамандықтар жылына орай, еңбегі көзге көрінбесе де қоғам үшін аса маңызды мамандар жайлы айтамыз. Келесі кейіпкеріміз Ақтоғай ауданының тұрғыны Жанболат Съезд. Ол халыққа электр жарығын тартып, интернетпен қамтамасыз ету саласында еңбек етеді.

Жанболаттың жұмысы тіпті өмірге қауіпті десе де болады. Оның қаупі діңгекке шығып, биікке өрмелеуінде ғана емес. Үлкен кернеудегі электрді көше бойына, нысандарға, үйлерге тасмылдауында. Қателесуге жол жоқ мамандық иесің бастапқы да жүрексінгені әмен, қазір әбден төселіп, үйренгендігін айтады.

Жанболат Съезд, электромонтер

Күніне кһп бола бермейді. Жарық өшкен кезде зааявка береді. Сол кезде барып тексеріп барлығын орнына келтіреміз. Мен өзім осы Ақтоғай ауданында дүниеге келмдім. Харьков ауылында мектеп аяқтадым. Ақтоғай аграрлық колледжін бітірдім.

Ептілік пен табандылық бұл мамандыққа аса қажет. Жанболат өз ісінің қадірін жақсы біледі. Қазіргі змаманда сұранысқа ие, мәртебесі жоғары екендігін де сезінеді. Мақсаты да осы майталман атанып, жоғары білікке жету.

Жанболат Съезд, электромонтер

Бұндай жұмыс істеу үшін ең бірінші қорықпау керек. Жұмыс істей білу керек. Еңбек ете білу керек. Білмеген нәрсеңді сұрап біліп ары қарай дамыта беру керек. Ең бірінші келгенімде ештеңе білген жоқпын. Хабарым болған жоқ. Әріптестерім, басшысыз бәрі көмектесіп, айтып ақылын бәрін.

Жанболаттың айтуынша, бұл істі жіті меңгеруіне өзінен бұрынғы буын көп көмектескен. Қазіргі уақытта жастар да келіп жатыр дейді. Оларға әркез білгенін үйретуге дайын. Тек, ынта мен жігер білуге деген құштарлық, еңбекке деген адалдық болса болғаны дейді.

Жанасыл Серікбол