Еркін күрес бойынша елімізге танымал спорт шебері Амантай Аймағамбетовтың құрметіне ашық республикалық турнир өтті. Тартысты белдесуге Ұлытау, Абай облысы, Ресейден және Павлодар қалаларының палуандар қатысты.
Байрақты жарыс қаламызда 20 мәрте ұйымдастырлып отыр. Оған 200 жеткіншек қатысты. Амантай Аймағамбетов тәрбиелеген шәкірттер халықаралық деңгейде жарыстарда биік асуларды бағындырып келеді. Спорттық доданың басты мақсат - өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Еркін күрес - шапшаңдықты, ептілікті, күштілікті, жан-жақтылықты талап ететін спорт түрі. Жекпе-жекте Ұлытау облысынан келген 12 жастағы Інжу Шәмшитдин белдесті.
Айша Болсонхан бұндай жарыстарға бірнеше рет қатысып, жүлделі орын алып жүрген палуан. Бүгін ол қарсыластарына сәттілік тіледі.
Амантай Аймағамбетов елімізге еңбегі сіңген спорт шебері. Құрметті спорт қайраткері. Ұйымдастырушылар келешекте аталмыш сайысты халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.
Әйгерім Тоқпанқызы