Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл. Осыған орай Естай мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Оған біздің түсірілім тобы да куә болды.

Аға буын ардагерлер, кешегі елдің дамуы жолында еңбек еткен жандар. Бірі – ауыл шаруашылығы, бірі экономика, бірі мемлекеттік қызметте жүріп тер төккен жандар. Бүгінде олардың тәжірибесі мен жүріп өткен жолын бүгінгілер үлгі етіп келеді.

Артынша бірқатар ардагермер марапаттар мен құттықтауларға ие болды. Осылайша оларға жас ұрпақтың алғысы табыс етілді. Отыз жыл ішінде ардагерлер кеңесі көптеген шараларды атқарып келеді. Тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолдарынан жарқын үлгілерді жиі айтып отырады.

Павлодар облысыда ардлагерлер ұйымы республика бойынша алғаш рет құрылыпты. Бұл да аймақ тұрғындарының үлкенге деген құрметінің белгісі іспетті.

Бүгінде ардагер кеңесінің мүшесі жүздеп саналады. Құрметті демалысқа шықса да қоғамдағы белсенділіктерін көрсетіп, өмірлік ұстанымдарынан айнымай келеді.