Аула чемпиондары анықталды
Павлодарда «ERTIS AULA FEST» аула футбол турнирінің финалы өтті. Турнирге қатысуға барлығы 11 команда өтінім берген, ал шешуші ойындарға тек үш команда жолдама алды. Жас футболшылар бірнеше ай бойы финалдық ойынға дайындалған.
Тарысты ойынлар, эмоция, ала доп үшін жанқиярлық күрес. «ERTIS AULA FEST» турнирінің финалдық кезеңінде жарыстың үздік үш командасы кездесті. Бастапқыда 11 команда өтінім бергенімен, шешуші ойындарға ең мықтылары ғана жетті.
Айгерім Түсіпбекова, «Жасыл ел» облыстық штабының менеджері
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, сондай-ақ “Заң және тәртіп” идеологиясы аясында екінші жыл қатарынан Павлодар қаласының балаларына арналған іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл футболдан өтетін “Ертіс аула фест” деп аталады». Бүгін үздіктерге кубоктар табыстаймыз. Яғни бірінші, екінші және үшінші орындарға сәйкес кубоктар және медальдар беріледі».
«Мәшһүр Жүсіп» командасы турнирге шамамен бір ай бойы дайындалыпты. Финалдық ойынның алғашқы кездесуінде жеңіске жетуге сәл ғана мүмкіндік жетпесе, екінші кездесуде олар қарымта қайтарып, қарсыласын жеңді.
Айбар Сайлаубаев, «Мәшһүр Жүсіп» командасының ойыншысы
«Ойынға бір ай бұрын дайындала бастадық. Ойындар жақсы өтті, бірінші орынға жетуге сәл ғана жетпей қалдық». «Екі ойын ойнадық. Біріншісінде анық жеңілдік. Ойынды соңына дейін жеткізіп, жеңіске жете алмадық. Ал екінші ойында 4:2 есебімен жеңіске жеттік».
Жас футболшылардың көпшілігі футболмен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Осындай бірқатар біріншіліктерге қатысып үлгерген. Бұл жарыс та оларға мол тәжірибе сыйлады.