Мемлекет және қоғам қайраткері, Павлодар облысының және Павлодар қаласының құрметті азаматы Рысты Жұмабекова өмірден өтті. Ол саналы ғұмырын өңірдің ғана емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арнады.
Рыст Жұмабекова 1952- жылы дүниеге келген. 1978-жылы Павлодарда педагогика саласы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған. Еңбек жолын Ақтоғай ауданында ұстаздықтан бастады. Артынша білім бөлімінде мемлекеттік қызмет жолындағы еңбегін бастады. 1995 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланды. Одан кейін негізінен әлеуметтік, медицина, білім салаларында жоғары деңгейдегі қызметтерді атқарған.
Көзін көрген, қызметтес болған жандардың барлығы оның іскерлігін, адалдығын айтады. Қандай қызметте болса да бар күш-жігерін жұмсап еңбек етті дейдлі замандастарды. Еңбек жолындағы осынау мінезі, білімі мен тәжірибесі өзінен соңғы қызметкерлерге де үлгі болды.
Еңбегі ел-жұрты тарапынан да, мемлекет тарапынан да бағаланды. «Құрмет» орденіне, өзге де көптеген медальдармен марапатталды. Павлодар облысының және Павлодар қаласының құрметті азаматы атанды.