Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, журналистика мамандығында оқитын студенттер жерлесіміз ақын, ардагер журналист Шолпан Байғалықызымен кездесті. Шығармашылық кездесу барысында жастар ақынның өмірімен, өнерімен танысты.
Шолпан Байғалының алғашқы өлеңдері Қызыл таң ауылында 7 сыныпта оқып жүргенде республикалық «Қазақстан әйелдері» журналында одан кейін облыстық «Қызыл ту», «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жарық көрген. Тұңғыш жазған «Ауылым», «Туған жер» деген өлеңдеріне жергілікті сазгер Мейрам Ермекбаев ән жазған топтамалары жарық көрді.
Қайырлы Ерғалиев, «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі
Шолпан Байғалықызын көптен танимын жарты ғасырдан бері. Шығармашылығын жатқа білем десе де болады. Шолпан апай көбінде өзі туған жерлеріне арнайды. Қызы Айнұр туралы кітабын жуырда архивке табыстайтын ойым бар.
Болашақ тілшілер мен журналистер үшін бұл кездесу маңызды. Негізгі мақсат студенттерге өңірде әдебиеттің барын, оның дамып жатқанын көрсету.
Серік Елікбай, жазушы, әдебиеттанушы
Өңірдегі әдебиет деген дүние бар. Әдебиет Алматыда, Астанада ғана жасалмайды. Біздің өңір ұлыларға толы өңір. Бұл Мәшһүрдің, Жүсіпбектің елі. Бұған дейін Сайлау Байбосынмен таныстырғанмын. Жалпы жазу әлеміне ұмтылту.
Шолпан Байғалының бала күнгі арманы жетелеп, талай жыл бойы журналист болып қызмет атқарды. Сонымен қатар, көптеген туындылары жарық көріп, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысты. Кездесу барысында студент кездегі естеліктерімен де бөлісті.
Шолпан Байғалы, ақын, ардагер журналист
Қазгудің журналистика факультетіне түскен біраз қыздар болды. бірақ түрлі себептермен соңына дейін біразы бітіріп кете алмады. Тағдыр, жағдай болады әртүрлі. Біреуін еліне шақырып алды. Қысымшылықтар болды мұғалімдер тарапынан. Ол кезде сессия деген қатаң. Емтихан тапсыру біз үшін ауыр жүк болатын. Әр мұғалімнің ладына бару, олардың қас қабағына қарайтынбыз. Ол кезде жерлестікке, рушылдыққа қарайтын.
Кездесу барысында студенттер Шолпан апайдың өлеңдерін оқыды.
Самал Қалиқызы