Журналистика ардагері, елімізге танымал публицист Социал Әйтенов 80 жасқа толды. Ол өзіне біткен сөз өнерін еңбек жолын ел экономикасының болашағына, халық тұрмысының жақсарту жолын жазуға арнады. Әлі де ойларын ортаға салып, түйткілді мәселерге пікірін айтып келеді.
Социал Әйтенов 1946-жылы Ақсу ауылдық аймағы Құркөл ауылында дүниеге келген. 1969-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын ауылда бастап, кейін облыстық газетте, телеарна-радиода жалғастырды. Өмірін қазақ журналистикасына арнап келе жатқан Социал Әйтеновтың 80 жас мерейтойын атап өту Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринның құттықтау хатымен басталды. Оны облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова табыстады.
Артынша ардагерге Ертіс-Баян жұртшылығы, облыс әкімдігі атынан иығына шапан жабылды. Жастық шағын, қалам қуатын ел игіліген аямаған Социал Әйтенов есімі әркез құрметті екендігі айтылды. Әсіресе оның мектебінен тәлім алған кейінгі буын үшін есімі ерекше жан.
Болат Аманбаев, Қазақстан журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Радиохабарлармен бірге телеарнаны да қатар алып жүрді. Ол кісі екеуін бірге жасады. Кейін газетте де толымды еңбек етті. Ол кісінің бір артықшылығы талантты жастарды бағалайды. Жастарға үйретеді.
Ол еңбек жолында ел мен жердің тағдырына, ауыл өміріне арнады. Рухани -танымдық хабарларды да үздіксіз шағарып, ұлт мәдениетінің дамуына, насихатталуына еселі еңбек сіңірді. Социал Әйтенов зейнетке шықса да қоғам өмірінен қол үзген жоқ. Журналистиканың бүгінгі бағыты мен тенденцияларын да жіті бақылап отырады.
Социал Әйтенов, журналистика ардагері, ҚР мәдениет қайраткері
Әр дәуірдің артар жүгі күшті деген сияқты қазіргі кезде қызмет істеу өте қиын. Соған қарамастан жас журналистер барлық мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істеуде. Журналистика жыл өткен сайын жаңарып сіп келе жатыр. Әр түрлі ағымдар пайда болды. Соған ілесіп отыру үшін жастарға шеберлік керек. Ол үшін білім керек. Білім алу үшін көп іздену, оқу керек.
Социал Әйтенов еңбек жолында ұстаздық белесті де бағындырып 21-ғасырдың жастарына да үлкен жол салды. Еселі еңбегі мемлекеттік тарапынан да бағаланып, көптеген марапаттарға ие болған.