Облыстық білім беру ұйымдарының ұстаздары шаңғы спорты бойынша бақтарын сынады. 100-ге жуық педагог, шаңғыға тұрып, шақырымдарды еңсерді. Толығырақ тілші сюжетінде.
Италияның Милан қаласында қысқы олимпиада ойындары басталды. Жарысты қолдау мақсатында біздің өңірде де шаңғы спортынан спартакиада басталды. Қатысушылар – білім беру ұйымдарының ұстаздары.
Нұрсат Төлеуов, Ж. Тәшенов атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Осы жарысқа профком көңіл бөліп жатыр. Қысқы және басқа спорт түрлеріне көңіл бөліп жатыр. Барлық қатысушыларға сәттілік.+++Мен 5 сыныптан бастап шаңғымен жүремін. Бұл спорт қатты ұнайды. Күш қуат қана емес, мидың да пайдасы керек. Ұстаздарға рахмет.
Оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің 11-ші қысқы спартакиадасына өңіріміздің әр аудан қаласынан 100-ге жуық спортшы келді. Бәрінде бір мақсат шеберліктерін шыңдап, жеңіс жолында барын салу.
Сапар Әлімханов, Әйтей ауылдық мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Жылдан бастап мектепте істеймін. Тәжірибем жеткілікті, бірақ жастармен күшімді сынаймын деп келдім. Жыл мезгілінде әртүрлі әр спорттың түрлері бар. Қысқы уақытта коньки мен шаңғы. Екеуімен де айналысамын. Екеуін де тебемін.
Жалпы аталмыш спартакиада дәстүрлі түрде жылда өтеді. Педагогтер командада және жеке есепте жарысты.
Гүлбарам Наурызбаева, Павлодар облыстық білім және ғылым кәсіподақ ұйымының басшысы
Бүгін мінеки облыстық қысқы спартакиаданы өткізіп жатырмыз. Ұйымдастырушылар облыстық білім беру басқармасы, Павлодар облысының ұстаздар арасындағы кәсіподақ ұйымы. Әр ауданнан әр қаладан келген спортшылар келген. Өмір салтын түгелік көрсету керек.
Жарыс соңында, жеңімпаздарға алғыс хаттармен қатар ақшалай сыйлықтар табысталады.
Самал Қалиқызы