Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайында «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» тақырыбында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған білім беру интенсивінің финалдық кезеңі ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 2025–2026 жылғы оқу жылы бойынша облыстық және республикалық маңызы бар қалалардан іріктелген 80 жас көшбасшы қатысты.
Екі күнге созылған ауқымды шара барысында қатысушылар түрлі білім беру алаңдарында бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Бағдарлама аясында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған тренингтер, шеберлік сыныптары мен практикалық сессиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, командалық квесттер мен пікірсайыстар өтіп, мектеп өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Балерке Меделбек, қатысушы
Көшбасшылықты дамыту стратегиялық құралджар мен оқушыларға арналған интенсивінде мен басқалармен тәжірибе алмасып өзімнің жастар өз-қзін дамыту ұйымын дамыту үшін ой бөлістік.Ең есте қалғаны менің туған күнімде барлық зал болып мені құттықтағандарыңыз. Павлодар қаласының театры маған өте әсерлі болды. Керемет барлығы ойластырылған. Дайындықтарыңыз көрініп тұр, болашақта тағы мүмкін келіп қалармыз.
Интенсив барысында «Шешімдер театры» және «Болашақ идеялары» атты креативті воркшоптар өткізілді. Қатысушылар өз жобаларын ұсынып, тың бастамалар көтерді. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған идеялар әзірлеп, өз ұстанымдарын қорғады.
Бағдарлама аясында қатысушылар өңірдің мәдени-танымдық нысандарын аралап, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық драма театрындағы қойылымды тамашалады. Бұл олардың рухани дамуына да оң әсерін тигізді.
Интенсив қорытындысы бойынша қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар, олар мотивациялық хаттар жазып, оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталған қорытынды қарар қабылдады.
Дильназ Қуанышбекқызы