Шапық Шөкин атындағы гимназия-мектебінде жануарларға қамқорлық көрсету игі дәстүрге айналған. Осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында бірнеше рет қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, панасыз қалған жануарларға азық-түлік жиналды.Толығырақ – келесі сюжетте.
Мұғалімдер балалардың бойына адалдық пен адамгершілік қасиеттерді ұялатып келеді. Ұстаздардың бұл еңбегі мектеп жанындағы лагерь тынысында да көрініс тапты. Оқушылар арасында ізгілікті ту еткен «Мейірімділік себеті» атты шара ұйымдастырылды.
Юлия Лазина, Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Адал азамат» бағдарламасы аясында Шапық Шөкин атындағы мектебімізде «Біз қолға үйреткен жануарларға жауаптымыз // Мы в ответе за тех, кого приручили» атты әлеуметтік жоба іске асырылуда. Осы бастама шеңберінде бірнеше жыл қатарынан панасыз жануарларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Біз жануарларғ арналған азық түрлерін – жармалар, желе, консервілерді жинаймыз. Сонымен бірге пластик қақпақтарды жинап, еріктілерге тапсырамыз. Олар қақпақтарды өткізіп, түскен қаражатты иесіз жануарларды емдеуге жұмсайды.
Игі істен мектеп ұжымы да, ата-аналар мен оқушылар да шет қалған жоқ. Қазір лагерьде 7 мен 12 жас аралығындағы 150 бала демалып жатыр. Қайырымдылық акциясына олардың барлығы белсене қатысты.
Бұған қоса, балаларға танымдық бейнеролик көрсетіліп, жануарларға жанашырлықпен қараудың маңызы түсіндірілді. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында қайырымдылық және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Жұлдыз Қабылденова