Оның ішіндегі негізгі басым бағыттардың бірі халық пен билік арасындағы байланыс. Яғни бейбіт митинг өткізу мәселесі. Себебі, жергілікті атқарушы билік органдары ел пікірімен санасуы керек. Қазақстан демократиялық-зайырлы мемлекет болғандықтан әр азамат өз көзқарасын білдіруге құқылы. Мемлекет басшысының бұл сөзі қара халықтың көңілінен шығып отыр. 

Данияр Жұмаділ, «Жебе» қоғамдық бірлестік басшысы:

Үкімет халыққа құлақ асуы керек. Соның ішінде жергілікті билік халыққа жақындай түсуі керек деген ұран – біздің көңілімізден ерекше шығып отыр. Өйткені өздеріңіз білесіздер, оны жасыратын түгі де жоқ. Биылғы жыл біздің еліміз үшін біраз қиындықтармен есте қалды. Көптеген қалаларда бірқатар толқулар болып жатты халық арасында. Мемлекет басшысы осы мәселелерді өз жолдауында ерекше атап өтті. Соның ішінде бейбіт митингіге рұқсат беру. Өйткені халықтың пікірі қай кезде де ескерілуі тиіс.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ