Қазақтың аса көрнекті ақыны, әнші, композитор әрі қоғам қайраткері Иса Байзақовтың туғанына биыл 125 жыл толады. Осыған орай, Ертіс ауданының ауылдарында айтулы мерейтойға дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұл бастама — ұлт руханиятына деген құрметтің, тарихи жадыны жаңғыртудың және тұлғаларға деген құрметті көрсетеді.

XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлға Иса Байзақовтың туған жері Үлгілі ауылындағы мектеп мұражайы тарихтан сыр шертіп тұр. Мұражай ақынның 90 жылдық мерейтойында немере туысы Күләш Әбиқызының қолдауымен ашылып, 2019 жылы қайта жаңартылған. Қазір ол 11 блокка бөлініп, әдебиеттану бағытында жұмыс істеп тұр. Мерейтой аясында ақын әндеріне қатысты челленждерде ұйымдастырылған.

Нәйлә Нүркенова, Иса Байзақов атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бүгінге дейін бізде асыл мұра қазынасы болып сақталып қалған оның ыдыс-аяқтары, барлығы табиғи ақ қайыңнан жасалған. Былай айтқанда Байзақовтар әулетінің бір көзі болып табылады. Биылғы мерейтой қарсаңында 125 жылдығына орай білім бөлімінің әдіскері Солтанова Нұргұл Майданованың жасауымен үлкен бір жұмыс жоспары жасалынды. Ол ақпан айынан бастау алып, аудандық деңгейде барлық мектептер атсалысып үлкен бір шаралар ұйымдастырылды.

Бұл Иса Байзақов ауылындағы мәдениет үйінің өнерпаздары. Олар композитордың түрлі әндерін шырқап, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуді мақсат еткен. 1974 жылы ауыл тумасы, ұстаз, айтыскер ақын Қабек Сағитов Иса Байзақовқа арнап «Айқас» атты пьесса жазады. Оны 1975 жылы Үлгілі ауылында халық театры сахналаған. Араға жылдар салып биыл мерейтой аясында Иса Байзақов ауылының өнерпаздары пьесаны қайта көрсетуді жоспарлап отыр.

Ырысты Әйтімбетова, Иса Байзақов ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы

 Ауыл мәдениеті ел мәдениеті деген сөз бекер айтылмаған. Міне Иса Байзақов мәдениет үйінде бірнешет үйірме өз жұмысын жасап жатыр. Солардың бірі зейнеткерлерден құрылған «Байзаковские зоре» халық хоры. Одан кейін қыз-келіншектерге арналған би тобымыз бар. Бүлдіршіндерге арналған әденің ертегісі атты қуыршақтар театрын ашқанбыз. Одан кейін қолөнер үйірмелерінде атқарып жатқан жайымыз бар. Биыл Иса атамыз суырыпсалма ақын, қазақтың дарынды перзенті атамыздың 125 жылдығын атап өтеміз. Соған үлесімізді қосайық деп дайындалып жатырмыз, Исаның әндерін дәріптеу үшін.

Иса Байзақов — тек әдебиетіміздің ғана емес, тұтас ұлт рухының символы. Оның 125 жылдығын лайықты атап өту тарихи тұлғаларға деген құрметті оята түседі.Өз кезегінде бұл мерейтой бабалар аманатына деген адалдықтың, мәдениет пен өнерге деген шынайы жанашырлықтың белгісін көрсетпек.

Қымбат Садық