Павлодар облысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жалғасуда. Биылғы маусымда 109 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда аймақта 11 лагерь жұмыс істеп тұр.
Облыстағы 11 лагерьдің екеуі – Баянауылдағы «Жасдәурен» және Мичурин ауылындағы «Балдәурен» – демалушыларға жыл бойы қызмет көрсетеді. Қалған 9 лагерь маусымдық сипатта жұмыс істейді. Олардың қатарына Ақсудағы «Арман», Баянауылдағы «Қарлығаш» және Ақтоғай, Тереңкөл, Шарбақты, Май, Аққулы аудандарындағы лагерьлер кіреді. Кейбір сауықтыру орнындары 6-7 ауысымда балғындарды қабылдайды. Сондай-ақ, мектеп ішіндегі бейіндік орталықтар екінші ауысымда жұмыс істеді. Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, балалардың демалысы тегін және ақылы түрде ұйымдастырылады.
Гүльдана Теміржанова, Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы
Тегін демалады. Міндеті түрде. Және ақылы түрде баруға болады. Күнде қандай сумма әртүрлі лагерьге берілген. Бір баланың соммасы мың болуы мүмкін. Ата-аналар төлемақысын жасап бара алады. Себеі, бізде нақты категорияларға тегін ұйымдастырылады. Ол бізде күнкөріс деңгейі төмен және жетім, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға тегін ұйымдастырылады. Ақылы түрде ұйымдастыруды қарастырады.
Балалардың жазғы демалысы – қуаныш пен жаңа әсерге толы уақыт. Дегенмен, бұл кезеңде қауіпсіздік бірінші орында болуы керек. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаларды сақтық ережелерін үйретеді.
Гүльдана Теміржанова, Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы
Қауіпсіздің туралы айтатын болсақ әр лагерьде бейнекамера орнатылған. Мектеп жанындағыларда. Сонымен қатар судағы, жол қауіпсіздік Кибербуллинг, терезедн құлау сәуір айынан бастап әлеуметтік желіде, баспа беттерде, телеарнада дабыл қағып айтып жатырмыз. Ата-аналарға айтатынымыз балалардан таса қылмау, Жазғы уақытта балаларға көп көңіл бөлуді сұраймыз балаларға.
Балалардың амандығы – қоғамның басты байлығы. Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір ата-ана мен тәрбиеші үшін маңызды міндет.
Әйгерім Тоқпанқызы