Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тауқызы келді. Іс-сапар аясында халық қалаулысы қаламыздағы №1 ауруханаға барып, нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аталған медициналық мекеменің пайдалануға берілуі 19 айға кешігіп отыр.
Қаламыздағы №1 аурухананың құрылысы мен жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Нұргүл Тауқызы ең алдымен атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайын сұрады.
Мердігер ұйымның өкілі құрылыстың кешігу себебін қаңтарда берілуі тиіс қаражаттың тек мамыр айында жіберілуімен түсіндірді. Жоба жалпы 19 айға кешіктіріліп отыр. Ал облыстық құрылыс басқармасы жағдайдың соншалықты ауыр еместігін айтып, ғимараттардың біртіндеп пайдалануға беріліп жатқанын жеткізді.
Асқар Ажмұрат, Павлодар облысы құрылыс басқармасының басшысы
Біз мысалы мына А блокы 7 қабатты ғимаратта стационарға көшірдік. Бітіп тұр. Енді бізде тек қана операциялық блок қана қалып тұр. 6 толық жұмыс істейді. Қазір бізде жұмыс жасап жатыр.
Қалалық аурухананың құрылысына бюджеттен 12 млрд теңге жоспарланды. Осы ретте депутат әр тиын қайда, қалай кеткені сұралады деді. Аурахананың бас дәрігері, қаражаттың басым бөлігі медициналық жабдықтарға жұмсалды деп түсіндірді.
Нұрлан Жұмажанов, Павлодар қалалық №1 аурухананың бас дәрігері
У нас каждую.. Бізде әр жабдыққа клиникалық-техникалық түсініктеме алынды. Онда қанша орынға шақталғаны, қызметкеріміздің дипломдарына дейін тексеріледі. Баға да сарапталады. Себебі, баға өсіріліп тұр ма, жоқ па ол да тексеріледі. Әлбетте бір қарағанда қандай қымбат сома деуге болады. Бірақ олардың басым бөлігі жабдықтарға жұмсалады.
№1 қалалық аурухана жылдың соңында толық қолданысқа берілуі тиіс. Депутат Нұргүл Тауқызы желтоқсан айында тағы бір келіп кететінін айтты. Денсаулық сақтау саласының мәселелері басты назарда деді.
Самал Қалиқызы