Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен полиция департаменті бірлескен рейд барысында автокөлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салды. Мамандар алдын алу шараларын түсіндіріп, ереже бұзғандарға әкімшілік жаза қолданды. Мұндай тексерулер – жол үстіндегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Мамандар жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Рейдтің басты мақсаты көлік құралдарында, әсіресе газбен жүретін машиналарда жиілеп кеткен өрт оқиғаларының алдын алу. Арнайы топ Павлодар – Омбы бағытындағы автожолда жүргізушілермен кездесіп, қауіпсіздік талаптарын еске салды.

Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы

Газ құю кезінде қозғалтқышты сөндіру қажет. Одан басқа, барлық жарық шамдар мен музыканы сөндіру керек. Көлік ішінде темекі шегуге тыйым салынған. Ашық отты қолдануға болмайды. Газды құйған кезде салонның ішіндегі адамдарды сыртқа шығару қажет. Рейд барысында 4 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толытырылды. Бұл жағдайда газды қолданатын көлік иелері құжатына тиісті сәйкес белгі орнату керек. Көлік газбен жабтықталған екенін көрсету.

Әсіресе, көліктерінде сұйытылған газ қолданатын азаматтарға ескерту жасалды. Газ – тез тұтанатын жанғыш зат. Сондықтан оны қолданудағы қауіпсіздік талаптары аса маңызды. Газбен жүретін көліктер міндетті түрде арнайы рұқсат пен техникалық белгіге ие болуы қажет.

Арман Арын, Павлодар қаласы ТЖБ бас маманы

Павлодар қаласының ТЖБ өрт қауіпсіздігі жайында түсіндірме жұмыстарын өткізіп отырмыз. Газ құю кезінде қозғалтқышты өшіру керек. Салоннан адамдары шығарып отырыңыз. Міне бұл жадынама сізге.

Рейд нәтижесінде 4 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қауіпсіздікке бағытталған бұл тексеріс үш күнге созылады.

Сабина Жолдаспаева