Астанада бокстан Әлем кубогы басталды. Бұл — Олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстандағы алғашқы ресми жарысы. Жаһандық турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен 300-ден астам былғары қолғап шебері жиналды. Олардың қатарында жерлесіміз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов бар. Бүгін ол рингке шығып, жекпе-жек өткізеді.
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы аясында бүгін қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады. Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 19:00-де басталады. B рингіндегі алтыншы жекпе-жекте 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Серік Теміржанов аустралиялық Джейкоб Кассарға қарсы шығады. Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Серік Теміржановтың бапкері Азамат Мақажанов арна тілшілеріне сұқбат берді. Серіктің жарысқа дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Азамат Мақажанов, ҚР бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Серік Теміржановтың бапкері
Құрметті жанкүйер бүгін құдай қаласа Серік Теміржанов жерлесіміз шығады. Соперник Аустралия үмітіп бар. Дайындық жақсы. Совместный сбор өткізіп алдық.
Серік Теміржанов жекпе жекке кешкі уақытта шығады. Ойын Казспорт арнасынада тікелей эфирде көрсетіледі. Дүбірлі дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде. Жерлесімізді қолдаймыз.
Әйгерім Тоқпанқызы