Павлодар облысында биыл 10 мыңнан астам оқушы 9 сыныпты аяқтады. Олардың біразы орта білім беру мекемесін тәмамдап, колледждерде оқитын болады. Осы ретте онда қандай жағдай жасалып, қандай мүмкіндіктер беретінін тілшіміз біліп қайтты.
2024 жылы Павлодар облысында 30 кәсіпорын 30 колледжді қамқорлығына алды. Осылайша өзара ынтымақтастықты нығайта түсті. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесін шешуде маңызды.
Қарлығаш Асаимова, Павлодар облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы
Колледждер кәсіпорындар міндеттері бойынша жұмысқа оранластыратын кадрлар бойынша жұмыстарын бастады. 2500 дейін көтеріледі. Шетелдік кәсіпорындармен келісімшарт жасайды. Кадрларды нысаналы даярлау жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда тапсырыс аясында 1770 студент оқиды.
Облыс бойынша колледждер жанында 32 жатақхана жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс аясында оқуға түсетін барлық 1 курс студенттері үшін тегін жатақхана ұсынылады.
Қарлығаш Асаимова, Павлодар облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы
Бүгінгі таңда болашақ мамандығын таңдап жүрген 9 сынып түлектерінің саны 11072 құрайды. талапкерлер 9,11 сыныптар базасында оқуға түсе алады. 71 мамандық бойынша таңдау мүмкіндігі берілді. 25 қыркүйекке дейін жетілді.
Талапкерлерден тегін оқуға өтініштерді қабылдау Е-гов электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда облыстағы 42 колледжде құжаттарды қабылдау бойынша жауаптылар бекітілді. Бұдан бөлек, Павлодар облысында агноөнеркәсіптік кешен қарқынды дамып келеді. Осы ретте ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауға баса назар аударылып отыр.
Жұмайхан Октябрь, Ақтоғай аграрлы–техникалық колледжінің басшысы
2025-2026 оқу жылына 760 грант бөлініп отыр. Ауыл шаруашылығын механикаландыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және падалану мамандықтары, ветеринария, агрономия тағы да басқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда өңірде дәнекерлеуші, токарь, темір ұстасы мен аспаздарға тапшылық бар. Облыстағы колледждер бұл қажеттілікті өтеуге тырысып жатыр. Биыл колледж аяқтаған студенттердің жартысы жұмысшы мамандық иелері, яғни еңбекпен қамтылған.
Самал Қалиқызы