Павлодар облысында 8 айдың ішінде көптеген мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. Бірақ олардың ішінде әлі де толықтыруды, жұмыс жасауды қажет ететін бағыттар бар. Бұл туралы аппарат кеңесі отырысында айтылды. 
 
Жыл басынан бері өңір  тұрғындарынан 2500-ға жуық ұсыныс келіп түскен, олардың негізінде 10 бағыт бойынша 97 шара ұйымдастырылды. Осыған бюджеттен 40 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жаңа мақсатты индикаторлар анықталды. Бұл 20 мың жұмыс орнын құрып, жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызда сақтау,  NEET санаттағы 5000 жастарды, 12 мың оқушыны белсенді бос уақытпен  қамту. 
Ирина Назарчук, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:  
Тағы бір бағыт тұрғындардың жағдайын жақсарту. Биыл 200 ауланы абаттандыруға, ауылдық жерлерді көгалдандыруға  5 млрд 300 млн теңге бөлінді. Жұмыстар 57 пайызға аяқталды. Облыс қалаларында 42 бірлік автобус жаңартылды. Жылдың соңына дейін тағы 58-і жеткізіледі. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл 18 ауыл ауыз сумен қамтылады. 
Тұрғындармен ашық диалог жүргізілуде деді, Ирина Назарчук. Облыс әкімімен 18 кездесу өтті.  650 жеке қабылдау жүргізілді. 
Ирина Назарчук, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:  
Әр тоқсан сайын басқарма басшылары мен әкімдердің жұмысын бағалау жүргізіледі. Бағалау 352 стратегиялық және жоспарлы көрсеткіштерді қамтиды. Олар 5 жеке бөлімдерге бөлінді. 97 шара бойынша нәтижелер де белгіленді. Оны жүзеге асыруға 19 басқарма жұмылдырылды.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Бағдарламаның кез келген тармағы облыс тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған. Бір ай уақыт беремін. Қарашада қайта  қарастырамыз. Орынбасарларыма бақылауға алуды тапсырамын. 
Қазіргі таңда жоспарланған шаралардың үштен бірі жүзеге асты. Аймақ басшысы бұл көрсеткіш төмен деді. «Қызыл аймақта» мәдениет, спорт, энегетика және ТҮКШ, денсаулық сақтау басқармалары бар. 
          
Самал Қалиқызы, Мұрат Әбілмажит