Павлодар облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бағдат Нәлібаевқа қатысты тәртіпті іс әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Қызметтік тергеу тексеру кезінде маңызды мән жайлар анықталды. Комиссия отырысында қандай шешім қабылданды? Тілші сюжетінде.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 5 сұрақ қарастырылды. Алғашқылары жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сыйақы және материалдық көмек алу кезіндегі заңсыздықтары туралы болды. Осылайша 2023 жылдың 4 тоқсанында 2024 жылдың басынан 3 заңбұзушылық тіркелген. Заңсыз түрде материалдық көмек берілген.

Кеңес отырысындағы келесі ұсынымда Павлодар облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бағдат Нәлібаевтың әрекеттерінде жер заңнамасы мен талаптарын өрескел бұзылуы көрсетілген. Естеріңізге салайық, былтыр Успен ауданында Галицкое ЖШС нің жерінде екі мектеп оқушысы суға батып кеткен. Департаментпен 2024 жылдың 29 қаңтарында жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижелермен 2,9 гектар жерді заңсыз басып алу фактісі тіркелді. Заңсыз жер иеленуші аумақты 30 күн ішінде босатуы тиіс еді. Алайда, Кодекстің 164-1 бабының 2 тармағы талаптарына қарамастан департамент басшысы Нәлібаевтың 2024 жылдың 5 наурыздағы хатымен «Галицкое» ЖШС енгізілген нұсқаманы орындау мерзімі заңсыз тағы 3 айға ұзартылған.

БАҒДАТ НӘЛІБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ КОМИТЕТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Техусловиесі салынған 336 миллион ақшаға салынып, заң жүзінде ұзарттым. Құқығым бар. Кәсіпкерлік 152 баптың 7 тармағында көрсетілген, соны көрсеттім. ол жерде былай айтылған: егер екі заң бір-бірімен қайшы келетін болса ең соңғы шыққан заң күшінде делінген.

(Енді тексеру барысында соны неғып дәлелдемейсіз, мен сізге басында айттым сіздің уақытыңыз бар тексеруден кейін, прокуратура органдарымен осыны талқылап, нақтылаңыз дедім. Іс қозғалғаннан кейін ертең біз өз тарапыыздан қосымша зерттелеміз. Наразылық білдіргенді түсінбей тұрмын да )

Бірақ аталған аумақ жер учаскесі азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Бұдан бөлек, департаменттің 4 инспекторы тексерілетін 8 субъектіні жауапкершіліктен әкету фактілері анықталды. Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігін де байқауға болады.

МЕДЕТ ӘМІРАЛИНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Менің жеке ойым қызметінен босату керек. Ұсынымда жазылмаған бірақ бізге белгілі басқа да фактілер бар. Жеке тұлғаларды тексеріске жібереміз, қабылдамайды. Тағы қайтадан жібереміз келіседі. Сондықтан қызметінен босату керек.

Осылайша бірауыздан комиссия мүшелері Бағдат Нәлібаевты қызметінен босатуды ұсынды. Сондай-ақ, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің әкімі Марат Кожимовке қатысты Мемлекеттік қызметшілернің әдеп жөніндегі Кодексінің 6 тармағы 1,4,5 тармақшаларын бұзу бойынша тәртіп іс қаралды.

ӘЛИ ХАЛЕЛ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қызметтік тексеру кезінде келесі мән жайлар анықталды. 2024 жылдың 10 сәуірінде парақшасында мақала жарық көрді. Кожимовқа қатысты тәртіпті іс қозғалды. Оқиға орнынан ашуланып кетіп қалған. Әдеп талаптарын сақтамауы көрсетілген. Жол бермейтінін айтты.

Округ басшысы аталмыш азаматтардың оны жиі ұялы телефонға түсіріп, жұмыс істеуге мұрша бермейтінін айтып ақталды.

Осылайша Шарбақты ауданы шарбақты ауылдық округінің әкімі Марат Кожимовке қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

Самал Қалиқызы