Қазақ үшін ерекше күн. Шоқтығы биік үш жазушысы Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей мен Шерхан Мұртазаның туған күні. 

Мұхтар Әуезовтың әлемдік деңгейде заңғар жазушы екені белгілі. Ұлы тұлғаның рухына арнап, туған жерінде Абай облысы Жидебай ауылында үлкен дүбірлі той өтпек. Бұл үшін Павлодар өңірінен бір топ зиялы қауым барады. Ертіс-Баян жерінде қазақ прозасының негізін қалаушысы Мұхтар Әуезовтың рухына арнап бірқатар іс шара да өтті. Мақсат- ақынның шығармашылығын насихаттап,  жас буынға таныту.  
Жарқынбек Амантай, Қазақстан жазушылар одағының ПОФ директоры:
М.Әуезовтың 125 жылдығына орай көп шара өткізіліп жатыр. Кеше облыстық дейңгейде облыстық конференция өтті. Оған М.Әуезовтың ұлы Мұрат Әуезовтың сәлемдемесі жолданды. Сол жерде бейнеқұттықтаулары тыңдалды. Үлкен ғалымдар сөз сөйледі. Біз жалпы Әуезовты тану арқылы Абайды танимыз. Абайды тану арқылы қазақты танимыз. Сондықтан бұл шараның маңызы бәрінен биік тұрған деп айтатын едім.