Әділет органдарының 30 жылдығына орай металлургтер саябағында заңгер, сот орындаушылар мен әділет департаментінің қызметкерлері 50 түп терек  отырғызды. 
 
Әділет құзырының кәсіби мерекесі Қазақстан күнтізбесінде  2021 жылы пайда болды. Юстиция  министрлігі еліміздің  орталық атқарушы органы болып табылады. 30 қыркүйек - заңгерлер, адвокат пен заң кеңесшілерінің күні. 
Маржан Имятова,  әділет  департаментінің басшысы: 
Біздің елімізде Қазақстанда ұлттық жасыл Қазақстан деген жоба жүріп жатыр. Соған айтарым әр қазақстандық өзінің үлесін қоса алады. Осындай іс шараға. Мен ойлаймын келешекте біздің өсіп келе жатқан балапандарымзға балаларға ол жақсы. Және де біздің денсаулығымзға, экологиямызды көтеру үшін жақсы бұл. Ағаш салу өте керекті іс шара деп ойлаймын. 
Көшеттерді отырғызуға барлық әділет департаменті, адвокаттар мен жеке сот орындаушылары қатысты. Өсімдіктерді күтіп, баптап, суарумен әділет  департаментінің қызметкерлері  айналысады.  
Дәурен Исабеков, облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысы:
Ағаш егу өте маңызды деп санаймыз. Негізінде ағаш егу өте пайдалы. Осындай іс шара әр жыл сайын өткізіледі. Павлодар облысының паркінде орнатылған енді Әділет органның 30 жылдығаны орай бүгінгі.
Келешекте металлургтер саябағында Павлодар облысының Әділет аллеясы орнатылады.
 
Әйгерім Тоқпанқызы, Ермек Сапаров