Биыл Ақсу қаласында 68 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Осының арқасында кезек күткен 224 азамат үйлі болады. Металлургтер қаласының жұртшылығымен кездескен облыс әкімі осылай деді. Ақсу ауылдық аймағына қарасты 31 ауылдың тең жартысында орталықтандырылған су құбыры іс қосылған. 2025 жылға дейін елдімекендердегі су мәселесі 100 пайыз шешіледі деді Әбілқайыр Сқақов.
 
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Жол, инфрақұрылым мәселесі ең өзекті. Биыл жақсы жолдардың үлесі 94 пайызға жетеді. Бұрын соңды тасдол болмаған жерлерге асфальт төселді. Бұл қуантатын жәйт. 
Бір жарым жыл бұрын «Қызылжар» құс фабрикасы жабылып, 200 дей адам жұмыссыз қалған еді. Жергілікті билік тұрғындарды жұмыспен қамтимыз - деп сендіргенмен, нәтиже болмай тұр. Ауызындағы нанынан айырылған ағайын енді қала-ауылдарды аралап, нәпәқа тауып жүр. Тұрғындар осы мәселені шешіп беруді сұрады. 
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Иә, 205 адам «Қызылжар» құс фабрикасында жұмыс істеген болатын. Қазір тек 10-15 пайызы күзетке қалып отыр. Тоқталған себебі - модернизация деп отыр иелері. Енді жеке кәсіпкерлік болғандықтан, оларды мәжбүрлеуге еш құқығымыз жоқ. Мен бір отбасыдан кем дегенде бір адамды жұмысқа орналастыру туралы тапсырма берген болатынмын. Енді ол күн тәртібіндегі мәселе. 
 
Аяулым Рахымжанова