Павлодарда 25-қарашадан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылққа қарсы 16 күндік басталды. Ашылу салтанатына дағдарыс орталығы мен құқық қорғау мекемесінің өкілдері, еріктілер ат салысты. 16 күндік аясында бірқатар ақапараттық-түсіндіру шаралары жоспарланған.


Құқық қорғау мекемесінің өкілдері биыл обылста отбасында жасалған зорлық—змбылық біәршама көбейгендігін айтады. Мәселе, биыл Павлодар қаалсын нәзік жандыларға қарсы мыңнан астам әр түрлі деңгейдегі қылмыс жасалған. Яғни, қасқана, ауыр және жеңәіл дене жарақатын салу, тонау және ұрлау сияқты бқзушылықтар. Қиындық көрген 1000-нан астам азаматтың 700-ден астамы полицияға жүгінген. Ал, қорғау орындары әр түрлі көмек көрсетуде. Ал, қаладағы дағдарыс орталығы әйелдерге заңдық және құққытық көмек көрсетуде. Биыл бұл орталық көмегіне 690 әйел жүгінген.

Айнаш Ілиясова, «Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және балалары бар әйелді бейімдеу орталығы» МКК басшысы:

Біздің орталық қиын жағдайға тап болған әйелдердің жоғалған құжатын қалпына келтіру жұмыстарымен де айналысады. Туу туралы кәулік, еңбек кітапшасы, Тіпті әйелдердіің тқрақты тіркеуісіз, азаматтықсыз қалатын жағдайлары да болады. Бізге көмек сұрап келген барша нәзік жандыларға мейлінше көмек көрсетеміз.