Өңірде ауа температурасының төмендеуімен тұрғын үй секторы мен автокөліктегі өрт жиіледі. Жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында өрттің 35 фактісі тіркелді. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам түрлі жарақат алды. 2 миллион 524 мың теңге сомасына материалдық шығын келген. Автокөліктердегі орын алған өрт оқиғалары да аз емес. 1 қазаннан бастап 26 көлік жанған. Осыған байланысты Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.


Оразбек Уәлиханов, ТЖД басқармасы бастығының м.а.:

Басты себептері осы өрттердің – автокөліктерге келетін болсақ, сымның қысқа тұйыкталуы, ал тұрғын үй секторына келетін болсақ, ол отпен абайсыз болу және пештерді орнатқан кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Қазір күннің суытуына байланысты автокөліктер оталмайды, оталмаған кезде лампамен қыздыруға болмайды. Егер ахаулықтар болса, сымдарды уақытында ауыстыру керек және өрт сөндіргіш болу керек міндетті түрде автокөлікте.