Павлодар облысында 60 мыңнан астам салымшы отбасы банкінен 10 пайыздық өтемақы алуға құқығы бар. Сыйақы алу мүмкіндігі бір айдан кейін аяқталады. Төлем шарттары мен механизмін тілшіміз айтып берсін.


Банктегі депозиттерін теңгемен ұстайтын азаматтарға бюджет есебінен 10 пайыздық өтемақы төленеді. Ұлттық банк мүшелерінің қатысуымен Үкіметте өткен жиында осындай шешім қабылданған еді.

Мейрам Бағадатов, «Отбасы банк» АҚ ПОФ баспасөз хатшысы:

Павлодар облысында 60 мыңнан астам депозиттер бар. Олардың тек жартысы ғана сол өтінішті берген.

Өтемақы депозитте 23 ақпанға дейін салынған ақшаға ғана есептеледі. Салымшының жинаған қаражаты 20 миллион теңгеден аспауы керек. Яғни бір адамға берілетін өтемақы шегі – 2 миллион теңгеге дейін. Алайда мұндай мүмкіндікті салымшылардың жартысынан көбі пайдаланбай отыр.

Мейрам Бағадатов, «Отбасы банк» АҚ ПОФ баспасөз хатшысы:

Жалпы біздің клиенттеріміз мобильдік қосымша арқылы немесе отбасы банкінің ресми сайты арқылы өтініш білдіре алады. Көп уақытты алмайды. Компенсацияның алу үшін сол процестер ғана жеткілікті.

Бағдарлама талаптары бекітілді. Компенсацияны алу үшін 2023 жылғы 1-қаңтарға дейін депозит ашылған банкке өтініш беру керек.


Аяулым Рахымжанова