Жақында жаңа атауға ие болған Атамекен кенті жыл сайын дамып келеді. Сонымен қатар жолдар асфальтталып, қалыпқа келтірілді. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін спорт, воркаут алаңдары қойылды. Толығырақ тілшіміз әңгімелесін.
Павлодар қаласына қарасты Атамекен кентінде 10 мыңға жуық тұрғыны бар. Биыл ауыл үшін мерейлі жыл болмақ. Елдімекеннің қалыптасқанына 110 жыл толып отыр.
Ауыл тарихы 1914 жылы басталған. 2023 жылдың 29 сәуірінде елдімекенге жаңа атау беру туралы ұсыныс тасталады. Ал сол жылдың 28 желтоқсанында ресми түрде Атамекен атауына ауысады.
Айта кетейік, бүгінге дейін ауыл түрлі бағыт бойынша даму үстінде. Жаңа спорт кешеніне жөндеу жасалып, жолдар мен воркаут алаңдары қойылды. Оған қоса, бірнеше көшеге жарықтандыру жүргізілді.
Байтұрсын Жұмабай