Өңірде төрт түлікті ұрлауға қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Алдағы материалда толығырақ.

Өңір полицейлері 86 бас жылқыны иелеріне қайтарып, мал ұрлығын әшкерелеген. Залал сомасы 34 млн.теңгеден асады. Мысалы, іздеу барысында Ақтоғай ауданының полициясы 5 қаңтарда еркін жайылымнан жоғалып кеткен 72 жылқыны тапқан. Ал Аққулы ауданында Май ауданының 14 жылқысы табылды. Олар 4 қаңтарда жоғалған. Ветеринария саласындағы ережелерді бұзу жолын кесу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде облыстың үш тұрғыны жазаланды. Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мамандандырылған тұрақтарға 86 бас иесіз мал қамауға алынған. Ал мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 4 азамат жауапқа тартылды. Өңір полициясы төрт түлікті қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сондай-ақ мал жаятын адамдарды тағайындаған кезде шарт жасасу міндеттелетінін ұмытпаған жөн. Күн сайын мал басын санап, тиісті таңба және чип түгендеп, GPS трекерлерді тағу қажет.

Ақмаржан Қалымбек