Облыс әкімдігінде аппарат жиыны өтті. Онда алда келе жатқан екі бірдеу мәселе қаралды. Әуелі өрт маусымына дайындық барысы пысықталды. Артынша жазғы абаттандыру жұмыстары бойынша жоспар талқыланды. Тілшіміз тарқатсын.

Былтыр мемлекеттік орман қоры аумағында 207 рет өрт болыпты. Оның 80 пайызы республикалық мекемелерге қатысты. Негізгі себеп найзағай және даладан тұтанған өрттің орманға ұласуы. Биыл өртке қарсы дайындық жұмыстары 8-сәуірден басталады. Соған сәйкес бірқатар дайындық жоспары да пысықталған.

Өртке қарсы тұру үшін сайыпқыран құтқарушылардан бөлек, сайлаулы техника аса қажет. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды деді спикер. Сонымен қатар, қосымша өрт сөндіру стансасы түріндегі ангар салу қажет. Бұл да жедел пысықталуы тиіс шаруа.

Облыс әкімі онсызда орманы аз елде олқылықтар болмауы керектігін айта келе тиісті мекемелерге бірқатар міндет жүктеді.

Сонымен қатар жиында облыс бойынша абатандыру және көгалдандыру жұмыс жоспары да талқыланды. Биыл 43 ауылда 62 жоба іске аспақ. Осылайша 15 саябақ пен аллея салынса, 18 ауыл жарықтанады. Ал, облыстың 3қаласын абатттандыру үшін аранйы бағдарлама да жасақталған.

Көгалдандыру жұмыстары бойынша да жұмыс тоқтамайды. Биыл 55 мың түп ағаш отырғызылып, 49 мың шаршы метр аумаққа гүл егіледі.

Жанасыл Серікбол