Жыл басы – наурыз мейрамы отбасы үлгідегі балалар ауылында тойланды. Бұл күні тәрбиеленушілер бауырсақ, палау пісіріп, құрметті қонақтарын қарсы алды.

Наурыз мейрамы ізгі амалдармен игілікті істердердің бастауы. Ана махаббатымен әке мейірімінен айырылған балаларды ұлық мерекемен құттықтау үшін өңір басшысы арнайы келді. Жеткіншектер меймандарды жылы ілтипатпен қарсы алып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл балаларға махабатпен иман салу сіздерге байланысты ғой. Көбінесе аналарға байланысты. Әкелер күнкөріс, жұмыс, кішкене балалардың өскенін байқамай қалады.

Кейінен Асайын Байханов бұл ауылда тұратын барлық тәрбиеленушілермен дидарласып, әз наурыз меркесімен құттықтады. Қазір орталықтан 4 жастан 17 жасқа дейін 70 бала пана тауып отыр.

Әнмен күйге бөленген мерекелік шара балалар үшін естен кетпес сәттердің біріне айналды. Кейінен олар өңір басшысымен естелік суретке түсті.

Әйгерім Тоқпанқызы