Баянтау Спорт сарайында волейболдан ерлер арасында Ұлттық лига ойындары өтіп жатыр. Онда еліміздің әр өңірінен келген 8 команда бәсекеге түспек. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Павлодарда наурыздың 24-сі мен 31 күндері аралығында волейболдан ерлер арасында ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өтіп жатыр. Оған Батыс Қазақстаннан келген Жайық, Тараз, Алматы, Есіл (Солтүстік Қазақстан) Атырау, Ақтөбе, Павлодар және Талдықорғаннан келген Жетісу командалар қатысады. Бұл клубтар аймақтық чемпионатта топ жарған командалар. Ең мықты деп танылған топ, Иран қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ, ҚР ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ

Негізі қазір осы чемпионатта Павлодар командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы Павлодар командасы енді ойлаймыз келесі Азия чемпионатында клубтар арасында Павлодар командасы Қазақстаннан ойын көрсетеді деп ойлаймыз. Бір ол үшін команда осы жерде жеңіске жету керек. Жақсы тартысты ойындар жүріп жатыр. Біз Павлодар клубына алғыс айтқым келеді. Плейоф чемпионатын жақсы деңгейде өткізіп жатқанына, ең үздік төрешілер жиналған бұл жерге

Федерация өкілдері біздің аймақ командасына үміт артып отыр. Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде Павлодар, Есіл командасымен кездесіп 3те 1 есебімен Павлодар клубы жеңді. Сондай-ақ сол күні біздің аймақ ойыншылары Жетісу командасымен ойнады. Жеңіс тұғыры біздің ойыншыларда. Жетісу тобын баса озып, 3:0 есебімен тартысты бәсекені аяқтады.

Әйгерім Тоқпанқызы