Тұрмыстық зорлық тиылар емес. Мәселен, Павлодар тұрғыны күйеуінің інісінен таяқ жеп ауыр халде аруханаға жеткізілген. Осылайша жүкті әйел баласынан да айырылған. Қасіретке тап болған әйел оқиғаны ұмытып та қалған. Алдағы материалымызда.

Оқиға ақпан айында болған. Әйел есімде ештеңе жоқ дейді. Тек күйеуім жақсы адам, онымен тату тұрдым деуге ғана тілі келді. Ауыр соққының салдарынан есін мүлдем жоғалтқан. Ал, дәрігерлер ес-түссіз күйде жеткізілген әйелді бірден реанимацияға жатқызыпты. Ұзақ ем-шарадан кейін қазір қалыпқа келуде деді.

Бас ми жарақатынан басқа, әйел жүктіліктің 37 аптасында баласынан айырылды. Бірақ дәрігерлер оның болашақта дені сау балаларды дүниеге әкелуге толық мүмкіндігі бар екендігін айтады.

Қазір күдікті қамауда, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тұрмыстық зорлық мәселесі өңірде әлі де өзекті көрінеді. Биыл жедел басқару орталығына қорлық көрген 700 ден астам әйел полицияға жүгінген. Оның 425 не әкімшілік іс қозғалған.

Әйелдерді тұрмыстық зорлықтан қорғау тобының инспекторлары әр түрлі алдын-алу, бақылау шараларын жүргізіп жатқандығын айтады.

Жанасыл Серікбол