Еліміздің бірқатар аймағында қар еріп, су тасып жатыр. Өңіріміздің қала маңындағы ауылдарында көктемгі су тасқынын болдырмау үшін су сору жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдай қызметкерлері аймақта жағдай тұрақты деп отыр. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Күн жылынып, қар еріді. Ауылдарды су басу қаупі бар. Құтқарушылар қала іргесіндегі Атамекен, Ақсу және облыс орталығындағы көшелерінде су сору жұмыстары жүргізілуде. Бірақ тазарту жұмыстары жүргізілгенімен кейбір ауылдардың көшелерін су басқан.

Ал мына түсірілім біздің арнаға Успен ауданынан түсті. Бұнда да үй ауласымен қорасына су кірді.

Айта кетейік, Павлодар облысында 43 елдімекен айрықша бақылауда. Бұл ауылдардың кейбірі қызыл судан, кейбірі қарғын судан зардап шегуі мүмкін. Су қоймаларынан да қауіп бар.

Төтеншеліктер су тасқыны қаупінің алдын-алу жолында бірқатар шаралар жалғасады.

Әйгерім Тоқпанқызы