Рамазан- қайырымдылық айы. Жыл сайын осы айда әр түрлі қамқорлық шаралары өтеді. Игі істердің бірін Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары ұйытқы болды.

Павлодар қалалық мәслихатына Атамекен кентінің белсенділері хабарласып осында Айсара есімді қыздың тұратындығын жеткізген. Оған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаның қажет екендігін айтқан. Осы хабар құлағына жетісімен қалалық мәслихаттың депутаттары бірігіп, осы айда қайырымдылық жасауға бел буған.

Жалпы рамазан айы басталғалы Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары 100 ге жуық отбасыға азық-түлік жеткізген. Қайырымдылық шарасы белсенділердің көмегі арқылы жүргізілуде.

Жанасыл Серікбол